Экологиялық фестиваль: Алматыда оқушылар қоқыстан өнер туындыларын жасады

11.05.2018 15:22

Алматы оқушылары үшін су мен жарықты үнемдеу және электронды қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Экологиялық фестивальға екі мыңнан астам бала қатысты. Олардың көпшілігі ескі газет-журналдардан, тіпті қоқыстан көркем өнер туындысын жасауды үйренді.

«Біз жастарды, балаларды дұрыс тәрбиелемесек, болашақта табиғатты қорғап қаламыз деп айта алмаймын. Сондықтан  балалардың бойына табиғатты сүйіп, экологияны аялауды үйретуіміз керек», - деді Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ерлан БУЗУРБАЕВ.