Жерді игермей жатқан алматылықтар салықты енді 10 есеге көп төлейді

18.01.2017 14:55

Жерді игермей жатқан алматылықтар салықты енді 10 есеге көп төлейді. Телімге қатысты төлем құнын өсіру туралы шешімді мәслихат депутаттары қабылдады. Қазір бір ғана Алматыда мыңнан аса гектар - игерілмей бос жатыр. Ал, 360 кәсіпкер өздеріне тиесілі аумақты мақсатсыз пайдалануда. Депутаттардың айтуынша, бұл шешім - қара жердің құнарсыздануынан сақтайды. Оның үстіне, салық өскендіктен, адамдар жерді дұрыс игеруге көшеді.            

«Қазір Алматыда бір шаршы метр телімге салынатын салық көлемі - 28 теңге, 95 тиын. Ал, бір гектар құны - 289 мың 500 теңгені құрайды. Егер салынатын салық көлемі 10 есеге ұлғаятын болса, онда жерді игермей жатқандар 2 млн 895 теңге көлемінде ақы төлеуге міндеттеледі»,- деді Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы, Алтынбек АХМЕТОВ.