Алматыда жер сілкінді

23.07.2018 16:10

23 шілдеде ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі Алматы уақытымен 8 сағат 02 минут 40 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.7. MPV магнитудасы - 4.6. Бағыты – 42.81° с.е. 77.97° ш.б. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», – деп жазылған хабарламада.