Алматыдағы жерасты өткелдері жаңарды

Алматыдағы жерасты өткелдері жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы тозығы жеткен жерасты өткелдерінің халі қаладағы әрбір тұрғынды алаңдататын. Содан болар, биыл шаһардағы 56 жерасты өткелінің 48-і күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Аталған нысандардың еденіне бетон тақтайшалар төселіп, қабырғасы арнайы өңделген құммен сылануда.

Алда әрбір жерасты өткеліне ұлы тұлғалардың қанатты сөздері жазылады.

Сондай-ақ, суретшілер қазақтың кең байтақ даласы мен әсем табиғатын қабырға бетіне түсіруде.

Қабырғаға сурет салумен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің мамандары айналысуда. Олар өздері салған суреттердің бояуы 10 жылға дейін шыдас беретінін айтады. 

Адам аяғы үзілмейтін орында бұдан былай тазалық шаралары да қатаң сақталмақ.

Қауіпсіздік күшейтіліп, қылмыстың алдын-алу мақсатында бірнеше бейнебақылау камералары орнатылады.

Новости партнеров