Зираттан гүл ұрлағандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Зираттан гүл ұрлағандар 5 жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қаақстан облысында моладан азагүл ұрлаудың бірнеше фактісі тіркелді. Шығын көлемі – 37 мың теңге. Мұндай қылмыс үшін күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі ескі зираттағы туысының бейітінен азагүлдердің жоғалғанын байқаған тұрғындардың бірі «102» телефон нөміріне хабарласқан. Оқиға орнынан жиналған айғақтар бойынша криминалистер күдіктілердің мекен-жайын анықтаған. Қолды болған азагүлдер сол жерден табылды. Анықталғанындай, күдікті азагүлдер жасап, оны сатуды кәсіпке айналдырған.

«Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қазіргі уақытта ұқсас қылмыстардың жасалуын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысында басқа да азагүлдердің ұрланған, не ұрланбағаны анықталмақ. Тәртіп сақшылары куәгерлер мен зардап шегушілерді ішкі істер органдарына 38-03-14 немесе 102 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды», – деді Петропавл қаласы ІІБ Екінші полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Иван Терзиди.

Осыған ұқсас қылмыс Шал ақын ауданында да тіркелді. Аудан орталығы Сергеев қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, анасының бейітінен металл қоршау жоғалғаны туралы айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ұрлық жасады» деген күдікпен аудан орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Мен темір қоршауды металл қабылдайтын жерге тапсырдым. Қылмысыма өкінемін, ақша керек болған соң осындай қадамға бардым», – деп ақталмақ болды күдікті.


Новости партнеров