|
10.08.2018 | 11:22
2893

Алматыда жас ұрпақты қала тарихымен таныстыру шарасы өтті

Алматыда жас ұрпақты қала тарихымен таныстыру шарасы өтті

Өскелең ұрпақ тарихтан тағылым алуы тиіс.  Сол үшін де, бүгін Алматы музейінде балаларға арналған «Сырға толы саяхат» атты  квест ойыны өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастарға оңтүстік астананың тарихы  туралы тұщымды мағлұмат беру. Оған қоса, тарихи жәдіргерлермізді көрсету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл іс-шараға  осы  жолы  №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Бастысы, бастама әрі қарай жалғасын таппақ.  

«Бүгінгі Алматы музейінде өткізілген «Сырға толы саяхат» квест ойынының ең басты мақсаты – өскелең ұрпаққа Алматы қаласының тарихын таныстырып, сол тарих арқылы бұлардың бойындағы өздерінің туған өлкесіне, әсем қаламызға деген махаббатын ояту. Жүректеріне ізгіліктің, осы қалаға деген сүйіспеншіліктің дәнін себу. Бүгінгі ойынымыз өте сәтті өтті деп ойлаймын. Қатысушы балаларымыз да, ойынға келген ұйымдастырушылар да дән риза. Біздер де осы ойынымыз жоғарғы деңгейде өтті деп ойлаймыз», – деді Алматы қаласы Музейлер бірлестігі директорының Даму жөніндегі орынбасары Қайрат ТАРБАЕВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир