Біргеміз, берік іргеміз. Осындай ұранмен Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы байқау өткізді. "Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан шараға этномәдени бірлестіктер өкілдері атсалысты. Қатысушылар ассамблея тарихы, елімізді мекендеген этностардың салт-дәстүрлері туралы білім сайысынан өтті. Сондай-ақ, көрермендер арасында қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениеті тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Белсенді көрермендер жүлдемен марапатталды.
«Біздің республикамыздағы Қазақстан халық Ассамблея дүние жүзінде бірде-бір мемлекетте жоқ мекеме. Сондықтан, осы Ассамблеяның тарихы, Алматы қаласында тұрып жатқан этностардың тарихы, этностардың салттары, «Рухани жаңғыру» не екенін, осындай жолмен түсіндіру мақсатында - жастардың арасында конкурс өткізіп жатырмыз», - деді Алматы қаласы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Жанат МҰРЫНОВА.