|
10.02.2017 | 11:32
2004

Қазақстандық актер адам өлтірді деген айыппен 11 жылға сотталды

Қазақстандық актер адам өлтірді деген айыппен 11 жылға сотталды

Қазақстандық актер Нұржан Тойлыбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған адам өлтірді деген айып тағылып отыр. 38 жастағы киножұлдыз «Мәңгі ел», «Зәуре» жобаларына қатысқан, сонымен қатар, «Айман-Шолпан» және «Өгей жүрек» сериалдарына түскен.

«2017 жылдың 7 ақпанында Алматы облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының үкімімен, алқа билер қатысуымен Тойлыбаев Нұржан Қылмыстық кодексінің 99 бабының бөлігімен, яғни адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тойлыбаевқа қатаң режимдегі түрме колониясында өтеу тағайындалды», - деді Алматы облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айнаш РАХЫМБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир