ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен тұрмысқа қажетті заттар таратылады

08.05.2020 17:50

Nur Otan партиясының Жетісу аудандық бөлімі қайырымдылық акциясын өткізді

Владимир Третьяков

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің ірі қалаларында коронавирус індетіне байланысты қабылданған карантин шаралары 11 мамырға дейін жалғасады. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы дәл осы кезеңде өтпек.

Nur Otan партиясының Жетісу аудандық бөлімі, сондай-ақ Jas Otan жастар қанатының белсенділері мен қала меценаттары соғыс ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, оларға азық-түлік тауарлары мен санитарлық-гигиеналық өнімдерді тарату мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайырымдылық шарасы аясында 60-қа жуық ардагер мен мүгедектерге азық-түлік себеттері және тұрмысқа қажетті заттар таратылады.