|
08.05.2021 | 17:23
1823

Украина Жоғарғы радасының депутаты қазақ жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Серікбай Мүткенов бірінші Украин майданында, Днепрден өтіп кескілескен ұрыстарға, Украинаның қалалары мен ауылдарын фашистерден тазартуға қатысты

Украина Жоғарғы радасының депутаты қазақ жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды  inform.kz

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні қарсаңында Украина Жоғарғы радасының халық депутаты, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың мүшесі Сергей Нагорняк Кеңес одағының батыры, қазақ жауынгері Серікбай Мүткеновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Серікбай Мүткенов 1913 жылы Павлодар облысына қарасты Ақтоғай ауданы бұрынғы Чкалов ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1942 жылы соғысқа атанды. Командир-артиллеристер мектебін бітіргеннен кейін 316-шы атқыштар дивизиясы, 342-ші атқыштар полкінің батарея командирі болды. Ол бірінші Украин майданында, Днепрден өтіп кескілескен ұрыстарға, Украинаның қалалары мен ауылдарын фашистерден тазартуға қатысты. 

1944 жылы қаңтарда Черкасск облысы Звенигороск ауданының Ризино ауылында ерлікпен қаза тапты. Бүгінде Ризино ауылында елді мекенді жаудан азат еткен батырлардың аты-жөндері үлкен ескерткіште және Жауынгерлік даңқ музейі тақтасында жазылған. Ал ауылдық орта мектептің жауынгерлік даңқ бөлмесінде батырлардың, олардың арасында Серікбай Мүткеновтің де мемориалды тақтасы мен мүсіні орнатылған. Аға сержант Серікбай Мүткенов 1944 жылдың 9 ақпанында КСРО Жоғарғы кеңесі төралқасының жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағын алып, Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир