Алатау ауданы ардагерлері марапатталды

06.05.2022 22:33

Ауданында 380-ге жуық тыл еңбеккері, 6 соғыс ардагері тұрады

Almaty.tv

Бүгінде Алматының Алатау ауданында 380-ге жуық тыл еңбеккері мен 6 соғыс ардагері тұрады. Жеңістің 77 жылдығына орай сол батырларымызға құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында ауған соғысы ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қан майданда қаза тапқан сарбаздарға тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Артынша естелік тақтаға гүл шоғын қойып, патриоттық әндер шырқалды.

«Соғыс ардагерлері алғашқы аудан құрылғанда 85 еді, қазір 6-уы қалды. Жылдан-жылға ардагерлеріміздің қатары сиреп бара жатыр», – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин.

«Елімізде бейбітшілік болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Соғыстың бетін аулақ қылсын. Соғыс қасіреті деген қиын. Оны тек соғыс көргендер түсінеді», – деді Ауған соғысының ардагері Әділхан Әбибеков.