|
06.05.2022 | 16:32
31349

Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Қала орталығында ғана емес, басқа аудандарда да мерекелік шаралар өтеді

Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді © trinessimo / Shutterstock

Алматыда 9 мамыр қарсаңында қаланың әр ауданында концерттік бағдарламалар, мемориалдарға гүлшоғын қою, әскери техника көрмелері және әскери-дала асханасы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлері болады, олар Жеңіс күніне дейін 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алады.

Мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың портреттері бар билбордтарды орналастыу, қаланы мерекелік безендіру жоспарлануда.

Мереке күндері қала әкімдігі 50 мың «Жеңіс лентасын» таратуды ұйымдастырады. Оларды 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта, Орталық мәдениет және демалыс саябағында және іс-шаралар өтетін басқа да орындарда алуға болады.

Ардагерлерді құттықтауға қаланың этномәдени бірлестіктері қатысады, олар өз тарапынан материалдық көмек, азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектер мен бірінші кезекте қажетті заттарды дайындады.

5-8 мамыр аралығында ардагерлер тұратын қаланың тұрғын үй кварталдарында, шағын аудандарында әскери оркестрдің қатысуымен концерттер өтеді. Қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары ардагерлерге барып, оларды мерекемен құттықтайды деп жоспарлануда.

Мереке күні 9 мамыр күні сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Онда заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық асханамен мерекелік түскі ас беру жоспарланған. Саябақта мерекелік концерт өтеді.

9 мамыр күні сағат 9.30-да «Батырларға тағзым» акциясы ұйымдастырылады, оның аясында қала тұрғындары М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Гоголь көшесі бойымен 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркіне дейін жүріп өтіп, соғыста қаза тапқандарды еске алу үшін гүл шоғын қоятын болады.

Қала орталығында ғана емес, басқа аудандарда да мерекелік шаралар өтеді: 6 мамыр күні сағат 11.00-де Алатау ауданы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда аудан ардагерлері мен жастардың қатысуымен «Ер есімі-ел есінде» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.

7 мамырда сағат 12.00-де «Бақшасарай» залында Бостандық ауданының әкімдігі мерекеге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырады.

8 мамыр күні сағат 11.00-де «Гүлдер» саябағында Жетісу ауданы әкімдігі дайындаған концерт өтеді.

9 мамыр күні сағат 10.00-де Наурызбай ауданы әкімдігі ғимаратының алдында «Ерлік ізі өшпеді» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.

9 мамырда сағат 11.00-де Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова  атындағы скверде Алмалы ауданының әкімдігінің 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерті өтеді.

Дәл осы уақытта 9 мамырда Family Park демалыс саябағында Жеңістің 77 жылдығына арналған тағы бір концерт болады.

9 мамыр күні сағат 11.00-де С. Сейфуллин атындағы саябақта Түрксіб ауданының тұрғындары үшін концерт ұсынылады.

9 мамыр күні сағат 14.00-де Медеу ауданының аппараты 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерт ұйымдастырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир