Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер Қамбар Сәрсеновты «Алатау» жарық компаниясы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қамбар Әмірұлы 1942 жылы 18 жасында Орал әскери округінің 3-жеке құрамында мергендік мектепті бітіреді. Кейіннен 119-атқыштар полкінің құрамына қабылданып, Беларусь майданына аттанған. Ерен ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» және «Отан» 2-дәрежелі орденін алған. Соғыстан елге оралғаннан кейін, Қамбар Сәрсенов қаладағы «Алатау» жарық компаниясында 18 жыл еңбек етіпті.
«Ұжымға кісілердің өмірі ұзақ болсын, менің жасыма келсін. Істеп жүрген қызметтері жемісті болсын», – деді Ұлы отан соғысының ардагері Қамбар СӘРСЕНОВ.
«Қамбар Әмірұлы -энергетика саласында 18 жыл еңбек етті. Ағамыз, жеріміз еліміз, ұрпағымыз деп, соғысқа қатысып, батыр деген атаққа ие болды», – деді «Алатау жарық» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ.