Алматы қаласының полицейлері Жеңіс күніне орай онлайн-концерт ұйымдастырды

10.05.2021 01:42

Полицейлер концерт барысында Жеңіс символына айналған Соғыс туралы әндерді орындады

Алматы қаласының полицейлері Жеңіс күніне орай онлайн-концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлер концерт барысында Жеңіс символына айналған Соғыс туралы әндерді орындады.

«Бұл әндер Отан үшін күрескен жауынгерлерімізге күш пен сенімділік сыйлады. Бұл жанрды құрметтеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз», – деді Алматы қалалық ПД кадр саясаты Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дінмұхамед Шелекбай.

Полиция биыл да бұрынғыдай карантиндік шараларды ескере отырып, мерекелік концерт онлайн режимде өткенін атап өтті.