Ардагерлер үйінде Ұлы Отан соғысының үш ардагері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 29 зейнеткер тұрады
Алматы қаласының полицейлері ардагерлер үйіне барды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Шаңырақ» ОКЖ басшылығының айтуынша, Ардагерлер үйінде Ұлы Отан соғысының үш ардагері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 29 зейнеткер тұрады.
«Мереке алдындағы науқан барысында біздің бөлімнің жеке құрамы Ардагерлер үйінің тұрғындарын аралап, оларға назар аударуды жөн көрді. Біз, бейбіт уақытта өмір сүретін ұрпақ, өз өмірінің құнымен осы еркіндікке қол жеткізгендерді еске алып, құрметтеуіміз керек. Сондай-ақ, қанды соғыстан тірі оралған нағыз батырларды қастерлеуіміз керек», - деді Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.