Бұдан бөлек, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де беріледі
Елордада соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем аудару басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы ардагерлерге 1 млн теңге көлеміндегі бір реттік төлем беру басталды. Айта кету керек, бүгінде шаһарда соғысқа қатысқан 44 ардагер бар. Бұдан бөлек, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне де беріледі», – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр МӘКЕН.