|
09.05.2021 | 21:45
16851

Ардагерлерге мың тағзым: Эстрада жұлдыздары қазақ елін Жеңіс күнімен құттықтады

Болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін арпалысқан ардагерлер еш ұмытылмақ емес

Ардагерлерге мың тағзым: Эстрада жұлдыздары қазақ елін Жеңіс күнімен құттықтады comode.kz

Болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін арпалысқан ардагерлер еш ұмытылмақ емес. Қазақстанның эстрада жұлдыздары қазақ елін Жеңіс күнімен құттықтап, бұл мейрамның маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі ашық аспан сол кездегі майдангерлердің ерлігі екенін еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Менің әкем ұлы отан соғысының ардагері. Сондықтан бұл мереке мен үшін ерекше. Әрине, осы майданға қатысқан біздің батырларымыз мәңгі жүрегімізде. Елімізде тыныштық, ауызбіршілік болсын, ағайын!» – деді Нұрлан Абдуллин.  

«Арқасын оққа тосып, жанын пида еткен, отан үшін отқа түскен барша бабаларымызға мың тағзым. Ардагерлерімізге Алла денсаулық берсін. Жастарыңыз ұзақ болсын. Сіздердің еңбектеріңіз, ерліктеріңіз әрқашан бізідң жүрегімізде. Біз сіздерге тек қана жақсылық тілейміз», – деді әнші Ролан Қазретов.

«Құрметті қазақ елі! Сіздерді бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Соғыстың аяқталғанына 76 жыл толуына байланысты осы соғысқа қатысқан ардагерлерді, елін үшін жанын берген, құрбан болған ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді опера әншісі Болат Қанағатов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир