|
07.05.2021 | 21:49
4682

Ерекше концерт: Алматылық өнерпаздар ардагерлерге тосынсый жасады

Той иелері олардың өнерін балконнан тамашалап, алғысын қошемет арқылы білдіріп жатты

Ерекше концерт: Алматылық өнерпаздар ардагерлерге тосынсый жасады Almaty.tv

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының үрмелі оркестрі 9 мамыр мерекесіне орай бейбіт өмір сыйлаған ардақтыларға барып, ардагерлер тұратын үйлердің ауласында мерекелік концерт қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Той иелері олардың өнерін балконнан тамашалап, алғысын қошемет арқылы білдіріп жатты. Сол маңдағы тұрғындардың арасында бірге қосыла ән шырқағандар, концертті видеоға түсіргендер де болды. Ұйымдастырушылар осындай форматтағы концерттік шара арқылы елін, жерін, Отанын сүйген ардақты азаматтарымыздың ерен ерлігі мен қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсеткіміз келді дейді. 

«Әрқайсымыздың борышымыз – Отанымызды қорғап, ата-бабамыздан қалған жерімізді, елімізді, дәстүрімізді, үлкен қарттарымызды құрметтеп, қастерлеу. Сол себепті үлкен алғыс білдіреміз. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының атынан, мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі атынан осындай акцияны ұйымдастырып жатырмыз»,— деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары Ғазиза Ғабдрахимова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир