Осылайша, есепті кезеңде депутаттық фракцияның 3 жиналысы өткізілді, онда «Nur Otan» партиясының 2021–2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Алматы қаласы бойынша орындалуы жөніндегі Жол картасының жобасын талқылау және оның бағыттары бойынша фракция мүшелерін бекіту, сондай-ақ 2020 жылы және 2021 жылдың I жартыжылдығында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 9 мәселе қаралған, деп хабарлайды Almaty.tv
«2021 жылдың І жартыжылдығы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды. Nur Otan–ның Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері алматылықтармен түрлі страталардағы коммуникациялардың барлық құралдарын – экспромт-кездесулер, канвассингтер мен тікелей эфирлерге шығу жолдарын белсенді пайдаланды. Фракция депутаттарының қатысуымен 600 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді, барлығы 143 мыңнан астам адам қамтылды. Біз осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз», – деп түйіндеді Алматы қалалық мәслихаты жанындағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Алматыда 250-ден астам отбасы көмек алды. Қаланың 700 соғыс ардагеріне сыйлықтар берілді.
Фракция жетекшісінің айтуынша, партиялық жобалар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында жыл басынан бері 2000-ға жуық өтініш оң шешімін тапты.
Фракция мүшелері БАҚ пен әлеуметтік желілерде халық көтерген резонанстық мәселелерді тұрақты түрде қарастыратынын атап өткен жөн. Жалпы, партиялық бақылау комиссиясы осындай 17-ден астам мәселені қарап, жедел шешті. Еңбек ұжымдарымен, тұрғындар қауымдастықтарымен 15 кездесу, 300-ден астам көшпелі отырыстар мен рейдтер өткізілді.
Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев Nur Otan билік пен қоғам арасында өзіндік көпір қызметін атқаратынын, мегаполис тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерінің маңыздылығын атап өтті.
«Азаматтарды қабылдау – бұл олардың мұқтаждықтарына, проблемаларына, алаңдаушылықтарына назар аудару. Нұротандық депутаттар қалалық, аудандық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауды белсенді жүргізуде. Бүгін партияның арқасында 300-ден астам алматылық өз мәселелерін шешті. Біз қала тұрғындарының қандай да бір мәселелерін шешудің нәтижелілігін арттыруға ниеттіміз», – деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.