Алматыда Eurasian Kids Fashion Week көрмесінің 6-маусымы өтті

31.05.2022 20:30

Көрермен назарына балалар киімінің көктем мен жаздық топтамалары ұсынылды

Almaty.tv

Алматыда Eurasian Kids Fashion Week көрмесінің 6-маусымы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда көрермен назарына балалар киімінің көктем мен жаздық топтамалары ұсынылды. Қазақстандық дизайнерлердің этникалық туындылары да таныстырылды.

«Жыл өткен сайын іс-шараның ұйымдастырылуы да жақсарып келеді. Барлығы өз ісін біледі. Керемет. Нәтижені көріп, қуанып қалдым», – деді Қазақстандық рэп орындаушы Бахтияр Мамедов.