Almaty Dream Party концерті қалай өтті

02.06.2022 23:19

Мерекелік іс-шараны «Алматы» телеарнасы ұйымдастырды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы» телеарнасының ұйымдастыруымен алғаш рет Almaty Dream Party концерті өтті.

Мерекелік іс-шара қаламыздың ең көрікті демалыс орындарының бірі, қала тұрғындары мен қонақтарының жүрегінен орын алған Көктөбеде болды.

 Ашық аспан астында өткен кеште эстрада жұлдыздары көпшілікке ән-шашу тарту етті.

Ауа райының құбылмалығына қарамастан, қала тұрғындары 3 сағатқа жуық созылған концерттен ерекше әсер алды.

Сахна төрінде Мұхтар Ханзада, Мәди Рымбаев, Салтанат Құдайберген, Самат Жанғазин, IMZ1, AZEEX, A’RON, BLACK JACK, Ерлан Али, Мадина Келгенбай және халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаттары өнер көрсетті.

Кешті әсерлі өткізу үшін ұйымдастырушылар сауалнама жүргізді.

Сондай-ақ балалар арасында ойын ойнатылып, түрлі сыйлық тарту етілді.