Көрмеге жас таланттың кескіндеме туындылары және графикалық композициялары қойылды
«Бабалар аманаты». «Есік» музейінде жоба аясында «Бабаларым, рақмет сендерге» атты жеке көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, республикамыздың әр аймағында ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Осыған орай, ұйымдастырылған көрме авторы – 9-сынып оқушысы, халықаралық бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер байқауының жеңімпазы, республикалық, қалалық көрмелердің лауреаты Қалиева Томирис Қанағатқызы.
Көрмеге жас таланттың кескіндеме туындылары және графикалық композициялары қойылды. Суретші қыздың туындыларын белгілі суретшілер, шетелдік саяхатшылар, ұстаздар мен оқушылар үлкен қызығушылықпен тамашалады.