Алматыдағы балабақшада қолөнер сайысы өтті

19.05.2022 22:13

Іс-шара «Балалар жылына» орай ұйымдастырылды

Almaty.tv

Президент  2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялағалы бөбекжайларда түрлі іс-шара көбейді. Бүгін мегаполистегі № 165-балабақшада бүлдіршіндер арасында қолөнер сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

BALAFEST фестивалі аясында өткен  жарыста 5-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер ата-аналарымен, тәрбиешілермен бірлесе тоқыған, құраған туындыларын көрсетті.  

«Көрмеге дайындалу барысында 2 апта жұмыс істедік. Үйде де, балабақшада да, нәтижесінде керемет туынды пайда болды. Келініміз екеуміз екі жақтап, тәрибешілермен бірігіп жасадық. Әсіресе, менің балам қағазбен жұмыс істегенді жақсы көреді. Одан кейін құрастыру жұмысы ұнайды. Біз сол бағытын дамытып жатырмыз», – деді қала тұрғыны Бүбіхан Шәкиева.