Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды

Концерттің толық нұсқасы алдағы демалыс күндері «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі

Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды Almaty.tv

Алматыда «Бақыт деген  сенің бала күндерің» атты балалар вокалдық фестивалі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл республикалық байқау 6-рет өткізіліп отыр. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақстандық өнер жұлдыздарының туындыларын, ал екінші кезеңде шетелдік танымал әндерді шырқайды. Олардың арасынан үздік шыққандар ертең гала-концертте отандық эстрада жұлдыздарымен жұп болып өнер көрсетеді. Бұл талабы таудай таланттардың жолын ашуға мүмкіндік беретін телевизиялық жоба. Концерттің толық нұсқасы алдағы демалыс күндері «Алматы»  телеарнасынан көрсетіледі.

«Байқаудың басқалардан ерекшелігі – реалити шоу форматында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар 1 айдай Алматыда болды. Осы уақыт аралығында ән сабағынан қазақстандық жұлдыздар шеберлік сағат өткізді. Бірге қыдырып, көңілді уақыт өткізді. Концерттің қорытынды кезеңі ертең өтеді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағанбетова.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жобаға қызығушылық танытқандар көп екен. Биылдың өзінде еліміздің әр аймағынан 7 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Кастинг онлайн ұйымдастырылыпты. Олардың ішінде ерекше дауысымен көзге түскен 11 бала іріктеуден өтті.

«Семей қаласынан келдім. Өнермен айналысып жүргеніме 7 жыл уақыт болды. Менің бүгінгі орындайтын әнім «Қорқыт-қобыз» деп аталады. Бұл әннің стилін Құралай Мейрамбектен алдым. Екінші өлеңім – «Indila Dernière danse», – деді байқауға қатысушы Кәусар Мәулен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир