Алматыда неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды

«Балалар жылына» орай ұйымдастырылған басқосу қаладағы №2 балалар ауруханасында өтті

Алматыда неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды Almaty.tv

Алматыда неврологиялық сырқаттарды анықтау мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Бүгінде белең алып бара жатқан нейрометаболикалық ауруға шалдыққан балаларға диагнозды дұрыс әрі дер кезінде қою маңыздылығын терең түсінген ақ халаттылар жан-жақты тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Бұл ретте Бельгиядан келген профессор Руди Ван Костер отандық дәрігерлерге ем-домның тың тәсілдеріне қатысты мол мағлұмат берді. «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған басқосу қаладағы №2 балалар ауруханасында өтті.  

«Қазақстан дәрігерлері мені молекулалық медицина аясында дәріс оқу үшін шақырды. Балалар арасындағы эпилепсия, жаңа ауру түрлерін кеңінен талқыладық. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, білімімізді осылайша арттырып жатқанымыз көңіл қуантады», – деді профессор (бельгия) Руди Ван Костер.

«Бельгиядан арнайы Руди профессорын шақырдық. Жаңа медицинада балалардың жүйке ауруларының ішінде қандай ауру бар және оны қалай емдеу керек екенін дәрігерлер сиптомдарын табу жоладры жайлы дәріс оқиды», – деді Қазақ-Ресей мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Маржан Махмұтқызы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир