Алматыда «Адамды адам аяла» атты сайыс өтті
Almaty.tv.
Іс-шараның мақсаты – жас өркенді рухани сусындату
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін қалалық №4 кітапханада Білім беру ісінің құрметті қызметкері Сафура Сәлімбайқызы шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұстаздар мен оқушылар арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Адамды адам аяла» аттты сайыс жастарды шығармашылыққа баулиды.
«Алматы қаласы мәдениет басқармасының және №4 кітапхана ұжымының атынан тамаша сыйлықтар, кітаптар, дипломдар, сондай-ақ қаржылай балаларға көтермелеу сыйақысын ұсынып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – жас өркенді рухани сусындату ғана емес, сондай-ақ сөз өнеріне, ақындыққа деген құштарлығын ояту», – деді ақын, ұстаз Сафура Темірбаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
09.10.2026 11:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
09.10.2026 09:15
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17