Алматылық қобызшы парашютпен секіріп, аспанда күй тартты
стоп кадр YouTube
Бейнежазбада бұл ерекше жобаның Республика күніне арналатыны айтылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі қобызшы Ләйла Тәжібаева қазақстандықтарды Республика күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қобызшы 3600 метр биіктіктен парашютпен секіріп, әуеде қобызбен Ықыластың "Жез киік" күйін орындады.
Аталған жобаны қобызшы Ләйла Тәжібаева мен Қазақстан авиациялық спорт федерациясының вице-президенті Тимофей Меркулов бірлесе жүзеге асырды. Бейнежазбада бұл ерекше жобаның Республика күніне арналатыны айтылған.
"Біз Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін парашютпен секіру барысында қобызбен күй тартуға шешім қабылдадық. Бұл жаңа тәжірибе. Меніңше, парашютпен секірген адамға бәрі оңай болып көрінеді", – дейді қобызшы Ләйла Тәжібаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46