ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын орындау: инвестициялар және экономика

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

— Экономика демонополизацияланады, ал мемлекет бизнеске қатысуын айтарлықтай азайтады. Адал бизнеске бюрократиялық қысым азаяды. Біздің барлық күш-жігеріміз кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатын болады. Заңсыз иемделінген және шығарылған активтерді елімізге қайтару бойынша жұмысты жандандырамыз. Олар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады, — делінген Мемлекет басшысының бағдарламасында.

Осылайша, Президенттің сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті, шикізаттық емес экспортты және т.б. ынталандырмақ.

2022-2023 жылдары $41,3 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Өнеркәсіп салаларында орта және жоғары дәрежеде өңделген өнімдерді өндіруде пайдаланылатын базалық материалдар қажеттілігіне талдау жасалды.

Отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған ҚР-ның «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін қолжетімді бағада шикізатпен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.

Экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды:

● ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері;

● 7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны;

● автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Оның нормалары әкімшілік-билік ресурстарына иелік еткен немесе осындай қолдау алған олигополия субъектілеріне қатысты қолданылатын болады. Сондай-ақ адал инвесторлардың мүдделері толығымен қорғалатын болады.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді азаматтық позициясы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері кірді.

Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылды. Оның шамамен $600 млн-ы басқа юрисдикциялардан қайтарылған. Мысалы, БАӘ-ден шамамен $15 млн, Австриядан $82 млн, Лихтенштейннен $260 млн, Гонконгтан $2 млн қайтарылды.

Қазыналық саясатты қайта қарауға көп көңіл бөлінуде. Мәселен жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр. Жұмыс тобына сарапшылар, экономистер және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 1 мыңға жуық ұсыныс түсті.

Сонымен қатар «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталып жатыр. Мұндай мүмкіндікті қарастыру қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген.

Көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға қарай ЖІӨ 15% дейін төмендете отырып, ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізу қажет. 2022 жылы елдегі мемлекеттен жасырылған экономикалық қызмет көрсеткіші ЖІӨ-нің шамамен 18,7% құрады (жоспар бойынша – 19,9%). Президенттің сайлауалды бағдарламасында қойылған мақсаттарды орындау үшін Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары өзектендірілді.

Оқи отырыңыз: Рухани салаға бөлінген қаржы ұлғайды - Айгүл Үлкенбаева

Новости партнеров