Бейсен Тәжібаев: Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – халқымызға ортақ міндет

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болды деп санаймын. «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаңтар оқиғасы» деген атаумен тарихта қалған сындарлы сәттің өрбуі мен салдарын, себептерін арқау ету арқылы басталған Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. «Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды көздейді» деп мемлекеттік басқару жүйесіне енгізуліге тиісті әрі тиімді болатын бастамаларды тізбектеп берді», - дейді ол.

Оның айтуынша, еліміздің саяси моделін қалыптастыру үшін қиын да болса күрделі қадамдарға бару басты ұстаным болуы керектігін айтқан Президент, Парламенттің төменгі палатасына заң қабылдау мәртебесін беру керектігін мәлімдеді. Бұл түптеп келгенде Суперпрезиденттік басқару формасы өзгеріп, Парламенті қуатты мемлекетті қалыптасырудың алғышарты болары анық.

«Облыс әкімдерін тағайындау – өңірлерді дамыту ісіндегі басты басымдық беретін жағдай екені аян. Алдағы уақытта бұл үрдіс мәслихаттардың әлеуетін күшейту арқылы облыс әкімдігіне 2 немесе одан да көп кандидаттың ұсынылып, солардың арасынан баламалы түрде таңдау жасау арқылы жүзеге асыру көзделуде», - деді Бейсен Тәжібаев.

Фракция жетекшісінің сөзінше, «Amanat» партиясының 1 наурыздағы съезінде биылғы жылы Президент партия төрағалығынан кететіні жайлы айтқан ұстанымына Жолдау барысында тағы да тоқталды. Сонымен қатар, облыс әкімдері мен орынбасарлары партияның өңірлік филиалдары төрағалығынан кетіп, партия мүшелігінде болмайтыны да айтылды.

«Бұл өз кезегінде партиялық шынайы бәсекені, мүшелері үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады деп күтілуде. Сайлау туралы Заңның да тармақтары қайта қаралып, Мәжіліс, мәслихат депутаттарын сайлауда 70% партиялық, 30% мажоритарлық жүйеге негіздемекші. Бұл халықтың сайлауға деген сенімін арттырып, өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік тудырады», - дейді ол.

ҚазАқпаратқа Б.Тәжібаев айтып өткендей, Мемлекет басшысы әлемде болып жатқан геосаяси оқиғаларадың әсерінен туындаған кризистік жағдайлар ел экономикасына, әлеуетіне қауіп төндірмеуі тиістігін ескертіп, қуатты ел құрудың негізгі бағыттарын атады.

«Бүгінгі Жолдау әкімшілік-аумақтық өзгерістерге алып келетін негізгі айшықты ойлармен де ерекшеленді. Тарихи тамырға сүйене отырып, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын екіге бөліп, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру туралы шешімі – халық күткен, көңілге қонымды іс болғалы тұр. Бұл – тек дәстүрлі сабақтастығымызды сақтау ғана емес, сол аумақтағы халықтың бүгінгі тұрмысына да айтарлықтай оң өзгеріс алып келері анық. Біз бұған Түркістан облысын құру тәжірибесінен толықтай көз жеткіздік.

Сонымен бірге Президент Жолдауда журналистер «сырттан берілген тапсырыстармен жұмыс істемеуі керек» деп, ұлттық баспасөздің жауапкершілігін еселей түсті. Мемлекет мүдделерін, қоғам қажеттілігін және медиа саласындағы өзгерістерді ескере отырып «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды өзгерту керектігін еске салды.

Ұлттық құрылтай құру туралы идеясы да елдің көңілінен шығатыны айқын.

Қалай десекте, бүгінгі Жолдау ел тарихына алтын әріппен жазылатын, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іскер асырудың басты, құнды құжаты ретінде саналары анық. Ел Президентінің «Уақыт қаншалықты қиын болса да, біз өз бағытымызды өзгертпейміз» деп сеніммен айтуы – Мемлекет тұтастығын нығайтуға шақырған үндеуі деп түсіндік. Енді біздің алдымызда Мемлекет басшысының «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз» деген ұстанымы аясына топтасып, ел бірлігін нығайтып, «Жаңа Қазақстан» құруға бірлесе атсалысу міндеті тұр!» - дейді Бейсен Тәжібаев.

Новости партнеров