Пірімқұл Ибрагимов: ауыл шаруашылығының дамуы экономиканың драйверы саналады

21.11.2023 14:02
Сурет: Аlmaty.tv


Бәсекеге қабілетті болу үшін жоғары технология қажет. Сол арқылы стандартқа сай сапалы өнім эспорттай аламыз, деп санайды Пірімқұл Ибрагимов.

- Елімізді шыңдайтын жаңа инновациялық, цифрлық және басқа да технологияларды ауыл шаруашылығына қолдану үшін керемет жағдайлар жасалып отыр. Өзбекстан президентімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кездесуінде ЖОО шетелдік университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашу әрі дамыту мәселесі көтерілді.  Биыл екі жақты даму бағдарламасы бекітіліп, іске қосылды. 2023 жылы Ташкент универсиетінің филиалына 20 аса студент оқуға түсті. Осының барлығы Мемлекет басшымыздың үлкен қолдауының арқасында жүзеге асырылып отыр. Бұл ғылымға, білімге үлкен серпіліс береді , - дейді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бірінші проректоры Пірімқұл Ибрагимов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ғылымы жаңа даму деңгейіне көтерілді - Кенжехан Матыжанов