Елдің басшысы болған адам өзінен бұрын өткен басшыларды, әсіресе ұлт үшін, тәуелсіздік үшін от кешкен ұлыларды ұлықтауы керек. Осы тұрғыда біздің Президентіміз дұрыс бағытта екенін Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің бөлім меңгерушісі Әділет Ахметұлы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– Президент тапсырмасымен репрессия, ашаршылық кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандар санын тұрақтандыру жөнінде үлкен комиссия құрылды. Бұл комиссия құрамында көптеген ғалым жұмыс істейді. Президенттің осы бастамасына разымыз. Алаш рухын қайта оятып, ұлттық болмысқа оралу жолында жақсы бастама болды. Ахмет Байтұрсынұлы музейіне 2022 жылы қанша аз адам келетін. Қазір біздің музейге келушілер есік алдында кезек күтіп тұрады. Олардың көбі жастар мен студенттер. Осы көрініс алаштану бойынша біздің дұрыс жолға түсе бастағанымыздың белгілісі деп білемін, - дейді Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің бөлім меңгерушісі Әділет Ахметұлы.
Оқи отырыңыз: Бейбіт Сарыбай: Ұлт тарихының академиялық үлгісін жасауымыз керек