|
20.11.2023 | 11:36
2520

Алматыда Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басты мақсат – Қазақстанда әділеттілік орнату

Алматыда Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда коллаж Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, құжатта экономика, әлеуметтік сала және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер жөніндегі жоспарлар айқындалған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басты мақсат – Қазақстанда әділеттілік орнату.

Ірі мегаполисте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Президенттік сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жылы ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізілді.

Алматыда 2023 жылы 4,9 мың оқушы орнына 10 мектеп және 4 қосымша ғимарат салынды. 2025 жылға дейін Алматыда 37 100 орынға 22 жаңа мектеп салынады.

Алматының орта білім беру ұйымдарында пәндік кабинеттердің 75,6%-ы жаңартылды (мектептерде барлығы 847 пәндік кабинет салынады.

2023 жылдың соңына дейін Алматының барлық 214 мемлекеттік мектебінде полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграцияланатын "дабыл түймелерімен", өткізу жүйесімен (турникеттермен), өрт қауіпсіздігі жүйесімен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіледі .

Алматыда 19 қала сыртындағы және 191 мектеп жанындағы лагерь, 1 мемлекеттік лагерь (Оқушылар сарайында) бар. Орташа құны - 100 мыңнан 140 мың теңгеге дейін. Мектеп жанындағы лагерьлерде халықтың әлеуметтік осал топтары, көп балалы және аз қамтылған отбасылар санатындағы балаларға арналған тамақ тегін берілетін болады. 2023 жылы жазғы демалыс кезінде қала сыртындағы лагерьлерге демалуға 3000-ға жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жіберілді.

Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың жаңа орталықтары ашылды.Орталықтардың әрқайсысында аптасына 5000 бала қамтылған.

2025 жылдың соңына қарай балаларды тегін қосымша біліммен қамту 25%-ға дейін ұлғайтылады. 2023 жылғы 2 мамырдан бастап ата-аналар damubala.kz ақпараттық жүйесінің көмегімен балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге жазуға мүмкіндік алды.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балалар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир