Қауіпсіз қала: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

polisia.kz
polisia.kz
Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елді мекенде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда рейд жүргізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте айтылған тапсырмалары аясында Алматы полициясы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бағытында жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, сондай-ақ құқықбұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада биылғы 20-30 қарашасы аралығында «Қауіпсіз қала - Безопасный город» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Науқан вандализм деректерінің, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Арнайы мобильді топтар құрылып, жұртшылық іс-шараға барынша тартылды.

Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елдімекенде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда рейд жүргізеді.

Осыған байланысты, Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік танытуға, қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді

Новости партнеров