1930 жылдары қуғындалған ұлт зиялыларының оның ішінде қарапайым халықтың тағдырына алаңдаған Президентіміз, олардың ақталуына зор мүмкіндік жасады. Қауіпсіздік комитетінде шаң басып жатқан құжаттардан қаншама кітап жазылды. Белгісіз болып келген азаматтардың есімі халыққа танылғанын тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смағұлова айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– Мемлекет басшысының көрші елдермен арадағы байланыста ұстанып отырған саясаты беріктік деп айта аламыз. Себебі қандай халық болмасын, ең алдымен мемлекетінің тыныштығын, көрші елдермен ынтымақтастығын қалайды. Біздің Тәуелсіз мемлекет дұрыс бағытта келеді. Президенттің халықтан осы саясатты ұстануды талап етуі орынды деп айта аламыз, - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смағұлова.
Оқи отырыңыз: Біз ХХ ғасырдың тарихын қайта қарау мүмкіндігіне ие болдық-Мәмбет Қойгелді