Нұрлан Өтеш: Amanat партиясының келешегі кемел болады деп сенемін

02.03.2022 17:18
Фото: ашық дереккөз

"Билеуші партияның атауы алғаш рет өзгертіліп жатқан жоқ". Бұл туралы қоғам қайраткері Нұрлан Өтеш айтты, деп хабарлады Almaty.tv.

"Алғашқыда «Отан» деп аталды. Кейін «Нұр-Отан» болды. Заман ағымына қарай алда жаңа мақсаттар тұр. Сондықтан саяси ұйымның бұл қадамы жаңа серпін болды", – деді ол.

Elorda.info-ға берген сұхбатында Нұрлан Өтеш «Аманат» деген атау партияға, сонымен қатар оның мүшелеріне зор жауапкершілік жүктейтінін, бұл сөзде терең мән-мағына жатқанын айтты.

"Өзім 2007 жылдан бері осы партияның мүшесімін. Партияның бағдарламалары айқын, партияластарымның көбі елжанды азаматтар деп санаймын. Amanat партиясының келешегі зор болатынына, елімізді үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенемін", – деді қоғам қайраткері.

Теги: партия