Ерлан Қошанов Nur Otan атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan атауын Amanat-қа өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Палата отырысынан кейін спикерге пария атауы өзгергеннен кейін заңнамалық мәселелер туындамайды ма деген сұрақ қойылды.

"Заңға қатысты қиындықтар мен мәселелер болмайды. Өйткені мұндай атаумен 30-дан астам түрлі компания барын көрдік, бірақ бірде-бір Amanat партиясы жоқ. Заман өзгереді, қоғам да өзгереді. Қаңтарда жаңа мемлекетте оянғандай болдық. Мемлекетке қарсы лаңкестік әрекеттен кейін партия сынақтарға дайын болуы керек. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек. Өңірлерге барып, тұрғындардың партия жұмысына қатысты өтініштерін көрдік, сондықтан атауын өзгертуді жөн көрдік", - деді Қошанов журналистер сауалына жауап бере отырып.

Новости партнеров