2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы іске қосылады. Алматы қаласының ӨКҚ алаңында өткен брифингке қатысқан «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалы бойыша директоры Данагүл Түсіпова бағдарламаның негізгі ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Данагүл Түсіпова атап өткендей, жоба Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы қазақстандық балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін болады деп болжайды. Сомма Қазақстан азаматтығы бар, 18 жасқа толмаған барлық балаларға бөлінетін болады.
«Қаражат БЖЗҚ-дағы жеке шоттарға есептелетін болады, олар «жеке тұлғалар»мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде әрбір бала үшін автоматты түрде ашылатын болады. Яғни, ата-аналар осы кезеңде банкке немесе БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ. Баланың «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасының қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты олар порталдағы egov.kz-те жеке кабинетінен ала алады. Одан бөлек, тұрақты есептер зейнетақы қорының enpf.kz ресми сайтында орналастырылатын болады», – деді Данагүл Түсіпова.
Алғашқы қаражат нысаналы шоттарға 2024 жылдың 1 тоқсанында түседі деп күтілуде. Қаражат 18 жасқа толғанға дейін балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталатын болады. 18 жасқа толғаннан кейін қаражат 10 жыл шотта сақталады. Егер 28 жасқа толғанға дейін жинақталған қаражат пайдаланылмаса, олар алушының зейнетақы шотына ауысады.
«Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетіп, азаматтығын өзгертсе, онда ол төлемдерді талап ету құқығынан айырылады. Егер 18 жасқа дейінгі бала елден кетсе, бірақ азаматтығын өзгертпесе, төлемдерді талап ету құқығы сақталады. Азаматтық заңнамаға сәйкес іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі көзделеді. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда ақшаны басқару ата – аналарына немесе қамқоршыларына өтеді», – деп түсіндірді Алматы қаласының «Отбасы банкі» АҚ директоры.
Осылайша, кәмелетке толғаннан кейін балалар жинақталған соманы екі мақсатқа пайдалана алады: тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу. Жобаға сәйкес, тұрғын үйді тек Қазақстан аумағында ғана сатып алуға болады, ал оқу ақысын Қазақстанда да, шетелдік оқу орнында да төлеуге болады. БЖЗҚ-дағы шоттан жинақталған соманы уәкілетті оператор арқылы таңдалған мақсатқа сай аударуға болады.
Отбасы банкі-осы маңызды әлеуметтік жобаның уәкілетті операторларының бірі. Оның enpf-otbasy.kz платформасының көмегімен 2024 жылдың басынан бастап 18 жасқа толған азаматтар алынған қаражатты пайдалана алады.
Бағдарламаға қатысушылар онлайн режимінде өз жинақтарын келесі мақсаттарға бағыттай алады:
- өз қаражатыңызды пайдалану мүмкіндігімен тұрғын үй сатып алу;
- ипотекалық несиені мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу;
- ипотекалық несие алу үшін, оның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізумен бірге бастапқы жарна төлеу;
- Отбасы банкіндегі депозитті толтыру;
- МББЖЖ бағдарламасы (мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) шеңберінде депозитті толықтыру;
- Қазақстанда білім алу үшін ақы төлеу;
- Шетелде білім алу үшін ақы төлеу;
- Білім алуға берілген несиені төлеу.