«Партиядан шыққаныммен, AMANAT-тың стратегиялық бағдары өзгермейді». Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Мұхтар Зулеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Партияның кезектен тыс съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиядан шығатыны, сондай-ақ, оған төрағалық етуден бас тартатыныны туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы төрағалықты Мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа тапсырды.
Бұған дейінгі жиындарда да Мемлекет басшысы еліміз суперпрезиденттік билеу формасынан түбегейлі алыстайтынын айтқан болатын. Бүгінде сол месседж орындала бастағанына куәміз. Президенттің айтуынша, бұл өзгеріс партиялық-саяси саланың жаңғыруы мен қоғам рөлін арттыруға түрткі», – дейді Мұхтар Зулеев.
Аталған шешімін Қасым-Жомарт Тоқаев былай түсіндірді: «Президент ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым».
Президент пікірінше, мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең, бірдей мүмкіндік береді, сондай-ақ, саяси жүйеде әділдік орнауына түрткі болады: партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған деген халықтың сенімі нығайып, беделі артады.
«Мемлекет басшысы ендігі уақытта сайлаушылар дауысы үшін бәсекелестік күшейетінін айтты. Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгереді. Партиялық қозғалыстағы бірден-бір өзгеріс - Adal партиясы мен Amanat-пен біріккені», – деді ол.