«Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіне кімдер енді

17.01.2022 19:33
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңес жаңа құрамда сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді. 

Қамқоршылық кеңес құрамы: 

Пя Юрий Владимирович – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы; 

Аружан Саин– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры; 

Бахыт Мәдениетқызы Байғалиева - «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы; Саида Жанәбілқызы Тәуекелова - «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі; 

Эльмира Айташқызы Алиева - «Help Today» ҚҚ төрайымы; 

Ләззат Алтынбекқызы Шығысбаева - «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры; Трифонов Владислав Вячеславович - «Жизнь без границ» ҚБ; Смирнова Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері; 

Роза Айтжанқызы Сүлейменова - «САТР» ЖШС бас директоры; 

Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы; 

Ораз Алиұлы Жандосов - «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист; 

Олжас Әбдімәлікұлы Құдайбергенов - «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі; 

Арманжан Мерекеұлы Байтасов - «Tan Media Group» иесі, меценат; 

Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы. 

Юрий Пя «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды. «Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып табылады. Кеңес қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады»,-делінген қордың баспасөз қызметі аратқан ақпаратта. 

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы бойынша құрылды. Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар «Қазақстан халқына» қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады: 

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ; 

- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.