Алматы бизнесмендеріне жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі айтылды

16.01.2022 18:22
Фото: ашық дереккөзден

Мегаполисте террористік әрекеттер барысында кәсіпкерлерге келтірілген залалды анықтау жөніндегі қалалық комиссия жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Ибраимов атап өткендей, тергеу әрекеттерін жүргізгенге дейін бұзақы әрекеттер мен бүлінген мүліктің іздерін тазаламау керек, ең алдымен полиция шақыру керек. Оның айтуынша, 54 жедел-тергеу тобы құрылды. Басқа өңірлерден 37 тергеуші мен 51 криминалист көмекке тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сауда орталықтарында – ОӘД, "Москва" және "Променадта" өтініштерді қабылдайды.

Ерғали Ибраимов бейнебақылау камераларынан, ресиверлерден, серверлерден және т.б. жазбаларды қатты дискіге немесе флеш-картаға қайта жазуды және осы жазбаларды құқық қорғау органдарының өкілдеріне беруді сұрайды.

"Егер кәсіпкер тергеушінің келуін күтпесе және тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсе, қаржылық құжаттардан басқа, келтірілген залалды өтеу туралы мәселені қарау үшін негіз болатын фото және видео мәліметтерін ұсыну қажет", - деді ол.

Полиция оқиға болған жерді тексергеннен кейін хаттамамен танысып, қажет болған жағдайда толықтырулар жасап, тергеушінің мәліметтерін, тіркеу нөмірін сұрап, тергеушіден жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы алу керек.

"Қаржылық құжаттардың расталған көшірмелерін, бүлінген немесе ұрланған мүліктің тізілімін тергеу органдарына ұсыну қажет. Бұдан басқа, полиция қызметкерлерінен алынған құжаттармен, сондай-ақ үй - жайға, жабдыққа, өнімге құқық белгілейтін құжаттармен (жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кіріс актілері және т.б.) аудандық әкімдіктегі тиісті комиссияға жүгіну қажет", - деп хабарлады Ибрагимов.

Жоғарыда көрсетілген құжаттары жоқ кәсіпкерлер үшін қазіргі уақытта залалды бағалау тетігі әзірленіп жатқаны атап өтілді.

Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін зақымдалған объектіде жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қызметті қайта бастауға болады.