Мемлекет және қоғам қайраткері алматылықтарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне құлақ салып, орындауға шақырды
Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев Алматы әкімдігіне алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, бүлікшілер қаламызды тонап, нысандарды өртеп жіберсе де, қалада жарық пен ауыз су өшкен жоқ.
«Алматы қаласы әкімдігі жұмысын дұрыс атқарды. Бүлікшілер қаладағы бірқатар нысанды жағып, өртеп жіберді. Сол кезде Алматы жарықпен және ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп тұрды. Тек азақ-түлік дүкендері 3-4 күнге жабық болды. Ал дәріханалар жұмыс істеп тұрды», – дейді Балташ Тұрсымбаев.
Мемлекет және қоғам қайраткері алматылықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне құлақ салып, орындауға шақырды.
«Елді дамытып, бәрін қалпына келтіру үшін бәріміз Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, бірігуіміз қажет. Мемлекет басшысының айтқан сөздерін тыңдап, орындауымыз керек. Құрметті алматылықтар! Бәріміз Президентімізді қолдайық. Керек болса, қолымызға күрек, сыпыртқы алып, қаламызды тазалайық», – дейді ол.