Алматыда ШОБ-ті қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

16.01.2022 18:31

Қошмамбетовтың айтуынша, зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері залалды өтеуге үміттене алады

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында зардап шеккен бизнесмендердің қайсысы келтірілген залалды өтей алады, несиелер мен салықтар бойынша кейінге қалдырыла ма, жоқ па, соны айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қошмамбетовтың айтуынша, зардап шеккен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері залалды өтеуге үміттене алады. 

"Шешім әрбір нақты жағдайда әзірленіп жатқан үкіметтік қағидалар негізінде құрылған комиссиялардың  қараған қорытындылары негізінде қабылданатын болады", - деп атап өтті спикер.

Ол Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Жібек жолы көшесі, 135 (Амангелді к-сінің қиылысы) 2-ші блок, 8-ші қабат мекен-жайы бойынша хабарласып, форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлік алуға болатынын атап өтті.

Несиелер мен салықтық төлемдер бойынша мерзімді ұзартуға қатысты Айтуар Қошмамбетов мынаны түсіндірді: "Салықтық төлемдер бойынша мәселе қазіргі уақытта ҚР Үкіметі деңгейінде қарастырылуда. Бұдан басқа, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрықпен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шараларын бекітті. Құжатқа сәйкес кредиттік ұйымдар ТЖ кезінде оның қаржылық жай-күйінің нашарлауының немесе келтірілген залалдың объективті себептері болған кезде қарыз алушының банктік қарыз немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді тоқтата тұрады".

Кәсіпкер объектінің бос тұрып қалуы кезінде қызметкерлердің жалақысы бойынша шығындарды залал сомасына қосуға бола ма деген сұраққа спикер шығыстардың осы бабы бизнестің тоқтап тұруына байланысты, мысалы, тез бұзылатын өнімдер үшін шығындар және жалға алу шығыстары сияқты залал ретінде есептелмейтінін атап өтті. Жалдау ақысы мәселелері бойынша дауларды реттеу үшін кәсіпкерлерге аудандық комиссияға өз бетінше өтініш беру ұсынылады, ол залал анықталғаннан кейін шешім қабылдап, қорытынды береді.