|
22.02.2022 | 13:41
941

Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын қолдаймын – Ринат Заитов

Қоғам қайраткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатына орай пікір білдірді

Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын қолдаймын – Ринат Заитов Фото: gov.kz

«Қаңтар қасіреті қоғам үшін үлкен сабақ болды». Осылай деген «Алатау» дәстүрлі өнер театры директоры, ақын, қоғам қайраткері Ринат Заитов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатына орай осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің» дейді ғой халық даналығы. «Қаңтар қасіреті» қоғам үшін үлкен сабақ болды. Енді себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беруіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сұхбатты «Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек, тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ» деп бастады. Тіліміз бойынша осылай естір құлаққа есті сөз айтылды», – деп атап өтті Ринат Рифхатұлы.

Айтыскер ақын Мемлекет басшысының еліміздің экономикалық дамуын жеделдетуге байланысты реформаларын қолдайтынын айтты.

«Президент сұхбат барысында «Митингіге шыққандардың бәрі лаңкес санала ма, олар қайдан пайда болды, кінәсіз азаматтардың құқықтары қалай қорғалады, бұзақыларға қатысты қандай іс-шаралар қабылданады, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері Қазақстанға не үшін шақырылды, кадрлық өзгерістер не үшін керек, олигополиямен қалай күресеміз, шетелге заңсыз шығарылған қаражатты отанымызға қалай қайта әкелеміз деген сияқты елдің көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауап берді. 

«Еліміз үшін ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету» деген сөзі тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініндей болды. Мемлекет басшысының әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдетуге байланысты реформаларын қолдаймын. Жақсылықтан үміт үзбейміз», – деді Р. Заитов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир