Уәлихан Әбдібеков Тоқаевтың еңбегін «құйындар теоремасына» балады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«БҰҰ-да үштікке кірген адам. БҰҰ үштікке кіру кез келген кісінің қолынан келе бермейді».  Бұл – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Әбдібековтің пікірі. Ғалымның айтуынша, ел Президенті 40 жыл жинаған тәжірибесін Қазақстанды дамыту жолына арнаған.

–БҰҰ-да үштікке кірген адам. Біріккен ұлттар ұйымына үштікке кіру кез келген кісінің қолынан келе бермейді.  Бұл кісі өз жолын тапты. 40 жыл бойы жинаған тәжірибесін, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, Сенатта, елшілікте  болсын, бәрін қаламға түртіп жүрген сияқты. Сонда тәжірибеден өткеннен кейін Қазақстан мемлекет қандай бағытта ары қарай жүргіземін деген оймен күндіз-түні еңбек ететін сияқты. Бішкекте Орталық Азияның бес ел президенті жиналды. Қарап отырсаңыз, сырт көзге ешнәрсе жоқ сияқты, бірақ бәрі  бір ой түйіп, бір мәмілеге келді. Мұның бәрі – біздің Президентіміздің ұстанымы. Сөйтіп БҰҰ, Америкаға барды, АҚШ-тың Президентіне бесеуі бірдей барды.   Одан кейін Германияның канцлері Шольцпен кездесті. Бесеуі бірдей жүр. Бұл жерде математикалық тұрғыдан қарасақ, «Құйындар теоремасы» деген бар.  Онда бір ғана заңдылық бар. Кішкентай құйын мен кішкентай құйын бір-біріне әсер етіп, бірігіп жұмыс істейді. Үлкен құйын мен үлкен құйын, ал кішкентай құйын мен үлкен құйын кездессе, үлкен құйын кішкентай құйынды жұтып қояды. Тура сол теория үлкен халық пен кіші халықтың арасында да  орындалады. Үлкен және шағын мемлекет арасында да кездеседі. Мәселен, шағын мемлекеттер Америкаға барса, менсінбеуі мүмкін. Олардың әлеуеті биік, экономикасы дамыған, санаспайды. Ал бес мемлекет бірігіп жүргеннен кейін, «Біз біргеміз» дегеннен кейін, бұл миллиондаған халық, экономикасы әжептәуір, онымен санасуға тура келеді. Демек, АҚШ-та, Германия да, Ресей де санасып жатыр. Орталық Азияны ешкім тастап кете алмайды. Мұның бәрінің басында Қасым-Жомарт Тоқаев жүр, – деді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Әбдібеков.

Новости партнеров