|
11.01.2022 | 14:22
984

Президент: Отандық көлік алушыларға ваучер беруді қарастыру керек

Президент: Отандық көлік алушыларға ваучер беруді қарастыру керек inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық көлік алушыларға утильдік алым есебінен ваучер беруді қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Президент Үкіметке «Оператор РОП» компаниясының утильдік алым жинауына тыйым салуды, утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырған еді.

«Мемлекеттің утилизациялау, автомобильдік өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға қолдау көрсетуін ешкім тоқтатқан жоқ. Бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек. Отандық автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға утильдік алым есебінен ваучер беру мәселесін қарастыру керек. Осы және өзге де утильдік алым қаражатын қоғамға пайдамен жарату тәсілдерін қарастырыңыздар», – деді Президент Мәжілістің бүгінгі отырысында. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін 27 республикалық және өңірлік телеарна мен 3 радио тікелей эфирде таратты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир