Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан 18 жастағы жігіт ұсталды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы комендатурасының мәліметінше, қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны арнайы қоймада жасырған. Күдіктіні Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды. Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. 

Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.


Новости партнеров