Елді асқақтатар Ата заң: Алматыда мерекелік концерт өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шара барысында логикалық сұрақтар қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Елді асқақтатар Ата заң». Осындай тақырыппен Алматыда мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Махатма Ганди атындағы саябаққа жиылған жастар Конституция күніне арнап патриоттық әндер шырқады. Әр ауданның талантты бишілері мен ансамбльдері өнер көрсетіп, қонақтарды көзайым қылды. Іс-шара барысында логикалық сұрақтар қойылып, білім викториналары ұйымдастырылды.

«Ерекшелігі әр ауданда бізде жастар ресурстық орталықтар бар. Сол орталықтар ауданнан талантты жастарды таңдап алып осы концертте көрсететін мүмкіндік беріп жатырмыз. Сосын бірнеше продюсерін шақырдық қонаққа», – деді  Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Әзиз Қажденбек.

«Алматы қаласы бойынша көптеген осындай демалыс орталықтары бар, талантты, өнерге құштар жастарды тәрбиелеп, өнерін халыққа көрсету – мақсатымыз. Біздер үшін үлкен көмегін, септігін тигізіп жатыр», – деді әнші Мағжан Тұрлыбай.

Новости партнеров