|
15.12.2023 | 14:40
2700

Алматыдағы ХҚО-ларда Тәуелсіздік күніне орай ерекше акция өтті

Мереке қарсаңында 480-нен астам алматылық алғаш рет жеке куәлік алды

Алматыдағы ХҚО-ларда Тәуелсіздік күніне орай ерекше акция өтті РСК

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматы ХҚО-лары қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

- Мереке қарсаңында қаланың 8 ауданында орналасқан фронт-офистерінде мерекелік шара өткіздік. Қызмет алушыларды, оның ішінде алғаш рет жеке куәлік алып жатқан жастарды құттықтадық. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс етіп, мерекелік көңіл күй сыйладық. Мереке қарсаңында 480-нен астам алматылық кәмелет жасына толып, алғаш рет жеке куәліктерін алды. Олардың ересек өмірге басқан қадамына сәттілік айтып, тәуелсіз елімізге кірпіш боп қаланып, Қазақстанның лайықты азаматтары болуына тілек білдірдік, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Кәдесый алған жастар ересек өмірге басқан қадамы осындай жағымды тосынсыймен басталғанына қуанды. Жалпы Алматы ХҚО-ларында көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мерекелік атмосфераны байқауға болады.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстан: Мұғалімдер арасында интеллектуалды ойын өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир