15 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтіп жатыр.
Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды.
Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.
Айта кетейік, бүгін Президент жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген болатын.