Республика күні – мемлекет құрудың басты символы

Фото: BNews.kz
Фото: BNews.kz
Чемпиондар елімізде спорт саласы дамып келе жатқанын алға тартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республика күні – шын мәнінде, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының басты символы. Сондықтан айтулы датаның маңызы зор. Оны қазіргі жас ұрпақ жақсы түсінеді әрі қадірін біледі. Бұл – қазақстандықтарды келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтаған спортшылардың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлемдік аренада көк байрақты желбіретіп жүрген чемпиондар елімізде спорт саласы айтарлықтай дамып келе жатқанын алға тартты.

– Өткенмен салыстырғанда қазір жақсы. Барлығы қолжетімді, дамыған. Соңғы жылдары  спортқа қызығушылық артып келеді. Жаттығу залдары жабдықталып, арнайы спорттық киім тігіп жатыр. Біздің міндет – осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жетістікке жету, – деді паралимпиада ойындарының жүлдегері Гүлім Құрманбаева

Айта кетейік, 13 жыл еленбей кеткен Республика күніне былтыр ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан заңды қазақ елі қуана құптап, өңір-өңірде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Айтулы датаның қайта жаңғыруын былғары қолғап шеберлері де өткенге құрмет екенін айтты. Ал спортшылдардың басты міндеті – сол тарихтың арқасында іргесі берік қаланған елімізді бүкіл әлемге паш ету.

– Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын. Барлығыңызға зор денсаулық, отбасына амандық, бірлік тілеймін. Қазақстанымыздың көк туы әрқашан көкке көтеріліп, желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі: алматылық ұстаздың еңбегі әлемге таныла бастады

Новости партнеров